Білім және ғылым

Әлемді билейтін – идея: "Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы" кітабы туралы

Кітапты өртегеннен де үлкен қылмыс бар, ол оны оқымау. Рей Бредбери

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Елу жылда ел жаңа» деген мақал қазіргі таңда өз маңызын жоғатқан сияқты. Өйткені секунд сайын мың құбылған заманда бүтіндей дүние танымастай өзгеруде. 

Ал егер бұл ғалам көшінен бір рет қалып қойсаң, оны қуып жету өту қиын. Әсіресе ақпараттар көшінде қалыптасқан түрлі идеялар мен жаңалықтарды өзің айналысып жатқан салаға, не болмаса қоғамға, яки ғылымға енгізу, әрі пайдаға асыруға уақыт пен күш керек. Мен оқып жатқан тарих деген гуманитарлық сала бойынша жақында, Ұлттық аударма бюросы аударған Ювал Ной Хараридің кітаптары біз үшін жаңалық іспетті болды. Өйткені тарихты бұлайша қарапайым, әрі нақты, бастысы қызықтырып жеткізген авторды бұған дейін постсоветтік елдерден кездестірмедім. Еңбекте сипатталған төрт революцияны басынан өткерген Homo sapiens'тің еш ерекшелігі жоқ епсіз жануардан әлем әміршісіне айналуын керемет сипаттап берген бұл туындыны өзін Homo Sapiens қатарына жатқызатын кез келген адамның оқуы тиіс кітап дер едім. Адам фантазиясы мен мүмкіндігінің қаншалықты шексіз екендігін сезіндіретін, кез келген адамның дүниетанымын 180° бұруға қабілетті кітап. Бұны қазақ қоғамының біразы оқығанымен, көп бөлігі әлі де қабылдай алмай жатқаны да бар. (белгілі бір себептермен) Сонымен мен кітапта жазылған өзіме ұнаған түйіндемелермен бөліссем:

  • Әлем әміршісі атануымыздың себебі – бізден басқа ешбір жануар  «мемлекет», «ақша» және «адам құқығы» сияқты қиял әлеміндегі дүниелерге сенбейді.
  • Адам – қоршаған ортаның қас жауы: бір ғана тас дәуірінің құралдарымен бабаларымыз құрлықтағы сүтқоректілердің жартысын қырып тастаған.
  • Капитализм – экономикалық теория емес, жай ғана заманауи діндердің ең олжалысы.
  • Ақша – адамзат ойлап тапқан өзара сенімнің ең сыйымды әрі әр қилы жүйесі, себебі оған дүйім адамзат сенеді.
  • Біз бабаларымыздан әлдеқайда күшейе түстік, алайда бақыттырақ бола алмадық.
  • Жуырда адам жоғалады. Жаңа технологиялар көмегімен шамамен брнеше оңжылдық ішінде ол өзін мүлде басқа тіршілік иесіне айналдырады.

 Жоғарыда аталған идеялардың барлығы да еркін ойдан, таза интеллектуалдан туындаған. Бұл бағытта біздің тарихымыз жазылу үшін, ескі кеңестік методтардан толығымен арылып, әлемде жазылған барлық ғылыми тұжырымдарды зерттеп қолдану керек деп ойлаймын. «Хараридің Сапиенсі» немесе «PANORAMA», соның тек қана жүзден бір бөлігі десек артық айтқандық емес.